«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Қарымсақов жауап береді.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 28.11.2023, 10:00
- 29.11.2023, 18:00
Жалмухамбетов Батырхан 29.11.2023, 16:06, Сұрақ нөмірі: 12482
Қайырлы күн, Ержан Нағызханұлы! Мемлекеттік қызметшілерге қоғамдық орындарда (кафе, ресторандар) ішімдік ішуге болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.November.2023, 16:15
Қайырлы күн! Аталған мәселе Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде көзделмеген. Алайда, Әдеп кодексінің 10 - тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.