Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытына бақылау жасау
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытына бақылау жасау
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 30.11.2023, 10:00
- 30.11.2023, 17:00
Ниғметова Қымбат 30.11.2023, 15:19, Сұрақ нөмірі: 12493
.Мемлекеттік қызметкерлерді кім құқығын кім қорғайды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.November.2023, 15:22
Құрметті Қымбат! Сіздің сұрағыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймыз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшінің жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына құқықтары бар. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.