«Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау мәселелері» тақырыбы бойынша интернет конференция
Азаматтар Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 30.11.2023, 10:00
- 30.11.2023, 17:00
Өмірғалиева Назерке 30.11.2023, 15:51, Сұрақ нөмірі: 12494
Егер қызметші бағалау жүргізу кезінде, еңбек демалысында немесе оқуда болса, онда ол қызметкерге тоқсандық бағалау жүргізіле ме ?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.November.2023, 17:53
Қайырлы күн! «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығы) сәйкес, егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз, тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей, 360 әдісі бойынша – есепті жылдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.