«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»

«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 04.12.2023, 15:00
  • 04.12.2023, 17:00

Джубанов Канжар 04.12.2023, 15:44, Сұрақ нөмірі: 12501

  • 0

Сәлеметсіз бе! Казиноларға мемлекеттік қызметшілер баруға болама?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 04.December.2023, 15:46

Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (бұдан әрі – Әдеп кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Бұл ретте, Әдеп кодексіне сәйкес, белгіленген қызметтік әдеп стандарттары барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 02.11.2023 жылғы №396 кейбір жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлығына сәйкес қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда,мемлекеттік қызметші ойын мекемесіне барудан бас тартуы тиіс екендігі назараңызға ұсынылады.