«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»

«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 04.12.2023, 15:00
  • 04.12.2023, 17:00

Балабаева Гулжайна 04.12.2023, 16:22, Сұрақ нөмірі: 12502

  • 0

Қайырлы күн! Конкурска қалай қатыса аламын? Не істеу керек?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 04.December.2023, 16:24

Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 1-тармағына сәйкес, жергілікті өкілді органдардың тағайындау немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» №40 бұйрығымен бекітілген қағидасымен (бұдан әрі-Қағида) реттеледі. Бұл ретте, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурска қатысу үшін қабылданатын құжаттардың топтамасы және конкурсты өткізу тәртібі жоғарыда аталған Қағидамен нақты айқындалған. Өз кезегінде, мемлекеттік органдарда оның ішінде, Департаменттегі бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына хабарландырулар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында жарияланған бос лауазымдарға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурска қатысуға құқылы екендігіңіз назарыңызға ұсынылады.