«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ш.А.Сұлтанхан жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 04.12.2023, 09:00
- 06.12.2023, 18:30
Паразбекова Сарсенкул 05.12.2023, 11:05, Сұрақ нөмірі: 12503
Кімдерге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының қолданылу күші таралмайды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.December.2023, 14:45
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы: 1) техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілеріне; 3) келісімшарттық қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты негізінде қызметін мемлекеттік органдарда жүзеге асыратын адамдарға, оның ішінде мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне қолданылмайды