«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ш.А.Сұлтанхан жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 04.12.2023, 09:00
- 06.12.2023, 18:30
Қалмет Әлия 06.12.2023, Сұрақ нөмірі: 12504
Не себепті мемлекеттік қызметке кіретін тұлғаларға мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктеледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.12.2023
Сәлеметсізбе, мемлекеттік қызметке кіретін азаматтарға қатысты мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарымен мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін арнаулы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейін уақытша түрде жүктеледі. Көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары тағайындайтын не сайлайтын саяси қызметшілерге таралмайды