«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ш.А.Сұлтанхан жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 04.12.2023, 09:00
- 06.12.2023, 18:30
Қалмет Әлия 06.12.2023, Сұрақ нөмірі: 12505
Мемлекеттік әкімшілік лауазым бойынша арнаулы тексеруді жүргізу кезеңінде міндеттерді уақытша атқару мерзімі еңбек өтіліне енгізіледі ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.12.2023
Сәлеметсізбе, иә, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқару мерзімі есепке алынып, сәйкесінше, мемлекеттік қызмет өтілі ретінде енгізіледі