«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту»

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ш.А.Сұлтанхан жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 04.12.2023, 09:00
  • 06.12.2023, 18:30

Шардарбекова Асем 06.12.2023, Сұрақ нөмірі: 12507

  • 0

Саламатсызба, дипломды жоғалтып алған жағдайда, оны қайта рәсімдеуге болады ма және қанша уақытта дайын болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.12.2023

Сәлеметсізбе, Жоғары оқу орнында алынған жұмысқа орналасудағы маңызды құжат болып табылады және оны жоғалту жұмысқа орналасуда біраз қиындықтарға әкеледі. Сол себепті егер осы болса, бірінші кезекте оны қалпына келтіру рәсімімен айналысыңыз. Білім туралы құжаттардың және олардың қосымшаларының телнұсқалары жойылған немесе жарамсыз болған, сондай-ақ өзінің тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткен адамдарға беріледі. Телнұсқаны беруге арналған негіз мыналар болып табылады: құжатты жоғалтқан немесе құртып алған білім алушыдан немесе кәмелкетке толмаған баланың ата-анасынан (заңды өкілдің) білім ұйымы басшысының атына жағдайды баяндаумен өтініш; білім алушының туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің (төлқұжатының) көшірмесі; білім туралы құжат при изменение фамилии (имя, отчество) и порче документа об образовании прилагается оригинал документа об образовании. Егер дипломды сіз тұрмысқа шыққанға дейін алсаңыз, ал қазіргі кезде оны ауыстырып үлгермесеңіз, онда құжаттарға некені тіркеу туралы куәліктің көшірмесін қоса беру қажет. Алайда дипломның телнұсқасында сіздің бұрынғы тегіңіз қалады. Телнұсқа өтініш берген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей тегін негізде беріледі. Білім ұйымы жойылған жағдайда жеке тұлғалар білім ұйымының орналасу орны бойынша мұрағатқа жүгінеді. Мемлекеттік мұрағат және олардың өкілдері, ведомстволық және жеке мұрағаттар берген түпнұсқаның заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады. Құжаттардың телнұсқалары телнұсқаны беру туралы шешімді қабылдау кезінде әрекет ететін бланкіде беріледі және оқу ісі жөніндегі орынбасар, білім ұйымының жетекшісі қол қояды. Құжаттың берілетін бланкінде оң жақ жоғарғы бұрышында «Түпнұсқаның орнына телнұсқа № ______» штампы қойылады. Орта арнайы білімді аяқтау туралы дипломды қалай қалпына келтіруге болады? Техникалық және кәсіби білім ұйымдарында алынған диплом (КТУ, лицей, колледж) жоғары білім туралы дипломды жоғалтқан жағдайдағыдай қалпына келтіріледі. Сіз дипломның телнұсқасын беруге өтінішті жазуыңыз керек. Өтініш оқу орнының директорының атына оқу орнында белгіленген формаға сәйкес жазылады. Білім ұйымын таратқан жағдайда жеке тұлғалар білім ұйымының орналасу орны бойынша жүгінеді. Қызмет құны тегін