Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша мониторингпен талдауды жүргізу мәселелері

«Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша мониторингпен талдауды жүргізу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.А. Сейдалиев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 12
  • Жауаптар: 12
  • 07.12.2023, 09:00
  • 07.12.2023, 11:00

Тугелова Тамара 07.12.2023, 10:30, Сұрақ нөмірі: 12508

  • 0

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша Сіздің мекемеңізбен осы жылы қандай салалар бойынша талдаулар жүргізілді?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 07.December.2023, 10:40

Саламатсыз ба, Сіздің сұраңыз бойынша келесіні хабарлаймыз. 2023 жылдың 10 айдың ішінде Департамент мемлекеттік аппараты бюрократиядан арылту бойыншакелесі салалар бойынша талдау жұмыстары жүргізілді: - қаржы саласы бойынша Алматы қаласыныңМемлекеттік кірістер департаментінің ережелерінде ұсынылған 108 функцияға талдау жасалды. Атап айтқанда, салық саясаты, кеден ісін, салықтық және кедендік әкімшілендіруді мемлекеттік реттеу мәселелері қамтылды. Нәтижесінде, 49 ұсыныс дайындалып, Агенттікке жолданды; -стандарттау саласы бойынша уәкілетті орган – ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитеті және стандарттау жөніндегі Ұлттық орган болып табылатын – Қазақстандық стандарттау және метрология институтының бірқатар функциялары талданды. Талдау қорытындысы бойынша Департаментпен 15ұсыныс дайындалып, Агенттікке жолданды. -жер саласындағы мемлекеттік аппаратты бюрокатиядан арылту бойынша жергілікті және орталық органдардың функцияларына талдау жүргізілді.Талдау қорытындысы бойынша Департаментпен 16 ұсыныс дайындалып, Агенттікке жолданды. - экология саласындағы мемлекеттік аппаратты бюрокатиядан арылту бойыншабірқатар мемлекеттік органдардың функцияларына талдау жүргізілді.Талдау қорытындысы бойынша Департаментпен 12 ұсыныс дайындалып, Агенттікке жолданды. Бүгінді таңда, Департаментпен бұл бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда.