Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша мониторингпен талдауды жүргізу мәселелері
«Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша мониторингпен талдауды жүргізу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.А. Сейдалиев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 12
- Жауаптар: 12
- 07.12.2023, 09:00
- 07.12.2023, 11:00
Абжанова Гульзада 07.12.2023, 10:39, Сұрақ нөмірі: 12511
Мониторинг пен талдау жүргізудің ерекшеліктері қандай?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 07.December.2023, 10:43
Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына бармай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің мәліметтеріне не жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат пен ресурстарға қашықтықтан қол жеткізу арқылы үздіксіз негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша талдау мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың санаулы тобына қатысты жүзеге асырылады. Сонымен бірге, талдау нәтижелері Агенттіктің ұйымдастырылатын жиындарда талқыланады. Жиынға тиісті сала бойынша комитеттер мен министрдің өкілдері қатысады.