Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша мониторингпен талдауды жүргізу мәселелері

«Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша мониторингпен талдауды жүргізу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.А. Сейдалиев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 12
  • Жауаптар: 12
  • 07.12.2023, 09:00
  • 07.12.2023, 11:00

Симинтирова Самал 07.12.2023, 10:43, Сұрақ нөмірі: 12514

  • 0

Саламатсыз ба!Алдағы уақытта, қандай сала бойынша және қандай мекемелерде талдау жұмыстары жүргізіледі?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 07.December.2023, 10:47

Саламатсыз ба, Сіздің сұрағыңыз бойынша келесіні хабарлаймыз. Талдаудың кестесі Агенттікпен дайындалып, аумақтық Департаментке тапсырма ретінде жолданады. Осыған байланысты, кәзіргі таңда алдағы уақытта жүргізілетін талдау жұмыстары белгісіз. Екінші сұрағыңыз бойынша, талдау жұмыстары мемлекеттік органдармен қатар, оларға бағынысты мекемелер мен ұйымдарда жүргізіледі.