Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша мониторингпен талдауды жүргізу мәселелері
«Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша мониторингпен талдауды жүргізу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.А. Сейдалиев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 12
- Жауаптар: 12
- 07.12.2023, 09:00
- 07.12.2023, 11:00
Мамекбаева Жумакуль 07.12.2023, 10:43, Сұрақ нөмірі: 12515
Кәзіргі таңда мемлекеттік аппаратты бюрокатиядан арылту мәселелері бойынша талдау жүргізудің ерекшеліктері және мақсаты не болып табылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 07.December.2023, 10:48
Саламатсыз ба, Сіздің сұраңыз бойынша келесіні хабарлаймыз. Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша талдау мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың санаулы тобына қатысты жүзеге асырылады. Талдаудың мақсаты мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру және бюрократиялық рәсімдерді еңсеру жөніндегі шараларды әзірлеу болып табылады. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін талдау барысында: 1) лауазымды адамдардың және мемлекеттік органдардың қайталанатын және артық міндеттерін, функцияларын, сондай-ақ өкілеттіктерін, құзыреттерін, құқықтары мен міндеттерін; 2) артық, шектен тыс, негізсіз талаптарды және (немесе) шығындарды; 3) алдамшы, жалған және негізсіз, оның ішінде әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты қызметті; 4) құқықтық актілердің, ақпараттық жүйелер мен ресурстардың, сондайақ басқарушылық қызметтегі олқылықтардың орнын толтыруға және кемшіліктерін жетілдірудегі кедергілерді; 5) кедергілер мен қиындықтар, сол сияқты араласу, бюрократиядан арылту жөніндегі шараларды орындамау немесе тиісті деңгейде орындамау, сондай-ақ енжар мінез-құлық пен бастаманың болмауын тудыратын себептер мен жағдайларды жою жөніндегі міндеттер қойылады.