Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша мониторингпен талдауды жүргізу мәселелері
«Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша мониторингпен талдауды жүргізу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.А. Сейдалиев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 12
- Жауаптар: 12
- 07.12.2023, 09:00
- 07.12.2023, 11:00
Ержан Гүлзат 07.12.2023, 10:44, Сұрақ нөмірі: 12516
Талдау жұмыстарына кімдер қатыстырылады және талдаудағы мәлімет қандай ақпаратты қамтиды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 07.December.2023, 10:49
Саламатсыз ба, Сіздің сұраңыз бойынша келесіні хабарлаймыз. Талдау жұмыстарын Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлеріжүргізеді. Қажет болған жағдайда таладау жұмыстарына әр түрлі саладағы мамандар мен сарапшылар жұмылдырылады. Талдау жұмыстары ең алдымен зерттеліп жатқан сала бойынша негізгі деректер, яғни статистикалық мәліметтер, халықаралық тәжірибие, өзекті мәселелер мен оның шешу жолдары қамтылады. Бұл үшін талдау субъектілері жұмыс орнын, талданатын кезеңдегі құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ туындаған барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелерді қоса алғанда, Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне қажетті жағдайларды жасайды.