Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 08.12.2023
- 08.12.2023, 17:00
Шайдукова Гүлсезім 08.12.2023, 16:16, Сұрақ нөмірі: 12523
Мен мемлекеттік қызметкермін. Е-R-4 санаты бойынша 3 жыл, С-О-5 санаты бойынша 5 жыл, D-О-3 санаты бойынша 4 жылдан астам еңбек өтілім бар. Аудандық дербес бөлімнің басшысы (E-R-1 санаты) лауазымына тәжірибем сәйкес келема екен.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 08.December.2023, 16:41
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №71 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарының (бұдан әрі - үлгілік біліктілік талаптары) 67-тармағына сәйкес,E-R-1 санаты бойынша аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынандай біліктілік талаптары айқындалған. Біліктілік талаптарының бірінші тармақшасында «жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес» талабы белгіленген. Яғни, көрсетілгендей Сіздің D-O-3 санаты бойынша мемлекеттік лауазымда 4 жыл жұмыс өтіліңіз болуына байланысты E-R-1 санаты бойынша лауазымға жұмыс тәжірибесі бойынша біліктілік талаптарыңыз сәйкес келеді.