«Өңірдегі бұқаралық спорт түрлерінің даму динамикасы»
«Өңірдегі бұқаралық спорт түрлерінің даму динамикасы»тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтыңқатысуыменөтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 14.12.2023, 10:00
- 14.12.2023, 17:00
Алматова Жадра 14.12.2023, 10:51, Сұрақ нөмірі: 12541
Қайырлы күн!
Бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын көбейтуге жағдай жасау мақсатында облыста спорт нысандарына деген қолжетімділікті арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Қызылорда облысы 14.December.2023, 11:17
Сәлеметсіз бе, сұрағыңызға рақмет! Өңірде тұрғындардың тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануларына жағдай жасау мақсатында аймақта бұқаралық спорттық инфрақұрылымды нығайтуды негізге алуымыз керек. Біз мықты ұлттың негізі бұқаралық спорт екендігін түсінуіміз қажет. Бұқаралық спортқа жол, бұқаралық спорттық іс-шаралар және тұрғындардың таңдаған спорт түрімен шұғылданулары арқылы ашылады. Бүгінде, спорт саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, 7 мың орындық стадион, сондай-ақ жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен, «Теннис орталығы» салынады. Аудандарда тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру барысында 2,6 млрд.теңгеге 11 дене шынықтыру кешені салынды. Алдағы уақытта осы ғимараттарда халықаралық сайыстарды өткізуге қол жеткіземіз. Осылайша, жастардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануларына тең мүмкіндіктер пайда болады. Келешек бұл нысандарда балалар үшін спорттың бірнеше түрі бойынша секциялар жүргізіліп, 1600-ге жуық жасөспірімдердің бір ауысымда спортпен шұғылданулары үшін қолжетімділіктері артады.