«Өңірдегі бұқаралық спорт түрлерінің даму динамикасы»

«Өңірдегі бұқаралық спорт түрлерінің даму динамикасы»тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтыңқатысуыменөтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 14.12.2023, 10:00
  • 14.12.2023, 17:00

Бодықова Ләззат 14.12.2023, Сұрақ нөмірі: 12542

  • 0

Жалпы жастардың мемлекет меншігіндегі ақылы қызмет көрсететін нысандарға қолжетімділігі туралы мәселеге тоқталып өтсеңіз?

Қызылорда облысы 14.12.2023

Сәлеметсіз бе! Тұрғындардың мемлекет меншігіндегі спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында біріңғай тарифтік баға орнатылған, студент жастар мен мектеп оқушыларына, тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленуші балдарға ақылы қызметтерге жеңілдіктер жасалып,спорттық нысандарға кіру бағасының 50% жеңілдікпен қатысу қарастырылған. Мысалы, жеңілдіктер көрсетілетін қаладағы «Мұз айдыны» және «Евразия» спорт кешендері жастардың сабақтан тыс уақыттарында белсенді демалыс орталығына айналған. Ал, жалпы мемлекет меншігіндегі спорттық секцияларда шұғылданатын балалар таңдаған спорт түрлерімен ақысыз негізде шұғылданады.