«Өңірдегі бұқаралық спорт түрлерінің даму динамикасы»
«Өңірдегі бұқаралық спорт түрлерінің даму динамикасы»тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтыңқатысуыменөтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 14.12.2023, 10:00
- 14.12.2023, 17:00
Оңталап Жәнібек 14.12.2023, 13:03, Сұрақ нөмірі: 12543
Нұрлыбек Машбекұлы, біздің өңірімізде мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру жұмыстары қалай жүргізілуде?
Қызылорда облысы 14.December.2023, 13:10
Сұрағыңызға рақмет! Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырыстарды жан басына қаржыландыру бағдаламасын іске асыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ол менің тарапымнан ерекше бақылауымда. Себебі, бюджеттен бұл бағдарламаға үлкен қаражат салынды. 2023 жылға cпорт секцияларын жан басына қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 1,2 млрд.теңге қаралған. Бүгінгі күні, бұл бағдарлама «Даму бала» платформасына өтеусіз негізге ауысып, 60 өнім беруші 17 спорт түрімен 8778 баланы спорт шеберлігін, ерік-жігерін қалыптастыруға бағытталған секцияларда шұғылданатын балдарды тәрбиелеу процесі жүйелі түрде жүргізілуде. Сондай ақ, аймақта бұқаралық спорт пен дене шынықтыруға, әсіресе балаларға көңіл бөлуді, қала және аудан орталықтарында спорт секцияларды ашуға айырықша басымдық беремін.