«Өңірдегі бұқаралық спорт түрлерінің даму динамикасы»
«Өңірдегі бұқаралық спорт түрлерінің даму динамикасы»тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтыңқатысуыменөтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 14.12.2023, 10:00
- 14.12.2023, 17:00
Қонысбай Айгерім 14.12.2023, 13:39, Сұрақ нөмірі: 12544
Елді мекендердегі жастармен спорттық бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде және аймақта өтетін ірі спорттық шаралардың барысы туралы атап өтсеңіз?
Қызылорда облысы 14.December.2023, 14:01
2025 жылға қарай облыс тұрғындарының 42% тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жеткізуді жоспарлағанбыз. Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін әлеуметтік тапсырысқа бюджеттен жыл сайын 130 млн. теңге бөлінеді. Бүгінде, жоба аясында 138 елді мекенде 282 спорт нұсқаушылары 41 040 адамды тұрақты спортпен шұғылдануға баулып келеді. Нұсқаушылардың жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін сабақтан тыс уақытта, қала және аудан әкімдерімен, білім басқармасымен жасалған меморандум негізінде оқу орындарының спорттық залдары пайдаланылады. Осыған орай, аймақта жыл бойы облыста өтетін бұқаралық спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қалыптастырылады. Жоспар бойынша, ауқымды спорттық шаралар болып табылатын ауыл спортшыларының дәстүрлі «Алтын күз» спартакиадасы (қатысушылар саны – 900 адам), мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада, қазақ күресінен «Алтын белбеу» (7000 спортшы) және футболдан 3 жас ерекшелігі бойынша 33 мың оқушының қатысуымен «Былғары доп» турнирін жүйелі өткізіп келеді. Бүгінде 1565 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 444 558 адам қатысты.