«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 15.12.2023, 11:00
- 15.12.2023, 14:00
Лекерова Светлана 15.12.2023, 13:01, Сұрақ нөмірі: 12546
2022 жылы өз еркімен жұмыстан босатылғанмын, ендігі кезде жаңадан мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрған жағдайда сынақ мерзімі тағайындалады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.December.2023, 13:04
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. ҚР «Мемлкеттік қызмет туралы» заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін азаматтар және бұдан бұрын қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не теріс себептер бойынша мемлекеттік лауазымнан шығарылғанан кейін қайтадан кіретін азаматтарға сынақ мерзімі міндетті түрде белгіленетіндігін хабарлаймыз.