«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау»

«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Б. Медет жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 21.12.2023, 15:00
  • 21.12.2023, 17:00

Сағынай Едіге 21.12.2023, 15:41, Сұрақ нөмірі: 12558

  • 0

Жазасы бар мемлекеттік қызметкер басқа мекеменің лауазымына орналаса алады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.December.2023, 15:48

Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.