Мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 21.12.2023, 15:00
- 21.12.2023, 18:00
Құдайберген Айкерім 21.12.2023, 16:28, Сұрақ нөмірі: 12560
Cәлеметсізбе, егер қызметші бағалау жүргізу кезінде, еңбек демалысында немесе оқуда болса, онда ол қызметкерге тоқсандық бағалау жүргізілеме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.December.2023, 16:30
Cәлеметсізбе, сұрағыңызға рақмет. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес, егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз, тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей, 360 әдісі бойынша – есепті жылдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.