«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау»

«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Б. Медет жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 21.12.2023, 15:00
  • 21.12.2023, 17:00

Избасаров Амангельды 21.12.2023, 16:37, Сұрақ нөмірі: 12561

  • 0

Саламатсыз ба! Осыдан 2 жыл бұрын мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметке толық сәйкес емес деген жазаға тартылдым. Сосын өз еркіммен жұмыстан кеттім. Қазір қайтадан мемлекеттік қызметке келе аламын ба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.December.2023, 16:41

Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметшілерге қатысты заңнама талаптары мен шектеулер көзделген. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығарылған тұлға мемлекеттік қызметке жіберілмейді.