Газдандыру

«Газдандыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбек жауап береді.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 26.12.2023, 09:00
  • 26.12.2023, 15:00

Аманжолов Акжол 26.12.2023, 13:56, Сұрақ нөмірі: 12564

  • 0

Оқушылар сарайы қай жерде салынады?

Астана қаласы 26.December.2023, 15:43

Құрметті Аманжолов Акжол! Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін елордада 2029 жылға дейін 15 қосымша білім беру объектісінің құрылысы, оның ішінде 5-еуін алдағы екі жылда салу жоспарланған. Бірінші кезең: 5 ауданда жер учаскелері анықталды, 2025 жылға арналған жобаларды іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде: 1) «Сарыарқа» ауданы, Земляничная көшесінде жалпы ауданы 12 225 м^2 болатын 2000 орынға арналған оқушылар сарайы; 2) «Алматы» ауданы, М. Төлебаев көшесінде жалпы ауданы 12 225 м^2 болатын 2000 орынға арналған оқушылар сарайы; 3) «Байқоңыр» ауданы, Тайбурыл көшесінде жалпы ауданы 3 040 м^2 болатын 300 орынға арналған оқушылар сарайы; 4) «Нұра» ауданы, Қ. Мұхамедханов көшесінде жалпы ауданы 12 225 м^2 болатын 2000 орынға арналған оқушылар сарайы; 5) «Есіл» ауданы, Түркістан көшесінде жалпы ауданы 3040 м^2 болатын 300 орынға арналған оқушылар сарайы.