Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясат

Дін

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 27.12.2023, 13:00
  • 27.12.2023, 18:00

Толеуканов Айдос 27.12.2023, 16:20, Сұрақ нөмірі: 12570

  • 0

Облыс әкімшілігі дін бойынша неше мемлекеттік қызмет көрсетеді?

Абай облысы 28.December.2023, 17:38

Сәлеметсізбе, сұрағынызға рахмет. Облыс аумағында Дін саласындағы мемлекеттік саясатты Абай облысының қоғамдық даму басқармасы жүргізеді. Басқарма Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына сәйкес 4 мемлекеттік қызметті көрсетеді. 1) Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу 2) Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру 3) Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру 4) Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру