Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 05.01.2024, 10:00
- 05.01.2024, 13:00
Сарсембек Жансая 05.01.2024, 10:12, Сұрақ нөмірі: 12573
Қайырлы күн, жұмыссыз ретінде электронды түрде қалай тіркелуге болады
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.January.2024, 10:35
Сұрағыңызға рақмет! «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына» 2-қосымшасының (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген) 2-тармағына сәйкес «Жұмыссыздарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері : 1) мансап орталығы; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы; 3) enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.