Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері бойынша

Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері бойынша сұрақтарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Ә.А. Көмекбаев интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 10.01.2024, 10:00
  • 10.01.2024, 17:00

Орынбек Гүлбаһар 10.01.2024, 11:01, Сұрақ нөмірі: 12606

  • 0

Қайырлы күн! Өткен жылы мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы туралы естідім. Жаңа жоба арқылы өз бағымды сынағым келеді. Мен қай мемлекеттік органдарға осы жоба арқылы қызметке орналаса аламын?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.January.2024, 11:03

Қайырлы күн! 2023 жылы мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы жүзеге асырыла бастады. Бүгінгі күні пилоттық жоба арқылыҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Ақмола облысы және Шымкент қаласы әкімдіктерінде, Сауда және интеграция министрліктерінде мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігіңіз бар.