«Департамент қызметінің негізгі бағыттары туралы»
«Департамент қызметінің негізгі бағыттары туралы» интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Б. Медет жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 17.01.2024, 15:00
- 17.01.2024, 17:00
Нагиметова Акнур 17.01.2024, 15:10, Сұрақ нөмірі: 12690
Егер мен еңбек демалысында болған кезде, мені басшы жұмысқа қосылуымды талап етсе, алайда мен белгілі бір жағдайларға байланысты жұмысқа шыға алмаймын. Басшының талабы заңды ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.January.2024, 15:15
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 54-бабына сәйкес, мемлекеттiк орган басшысының шешiмi бойынша мемлекеттiк қызметшiлер өздерінің келісімімен жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылуы мүмкiн. Пайдаланылмаған демалыстың қалған бөлігі мемлекеттік қызметшілерге тиісті жылдың кез келген басқа уақытында беріледі не келесі жылғы демалысына қосылады.