«Департамент қызметінің негізгі бағыттары туралы»
«Департамент қызметінің негізгі бағыттары туралы» интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Б. Медет жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 17.01.2024, 15:00
- 17.01.2024, 17:00
Аманалина Гульдана 17.01.2024, 15:18, Сұрақ нөмірі: 12691
Жеке куәлік беруді кешіктірсе, қайда шағымдануға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.January.2024, 15:26
Аумақтық полиция органдарына (көші-қон) немесе Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттеріне жүгіне аласыз. «Мемлекетік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның (Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық органдары) атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.