«Департамент қызметінің негізгі бағыттары туралы»

«Департамент қызметінің негізгі бағыттары туралы» интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Б. Медет жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 17.01.2024, 15:00
  • 17.01.2024, 17:00

Нургалиева Шынар 17.01.2024, 15:30, Сұрақ нөмірі: 12692

  • 0

Саламатсыз ба! Жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға не әзірленеді? біреулер жерге орналастыру жобасы дейді, біреулер жер-кадастрлық жобасы дейді. Қайсысы дұрыс? Себебі аталған документтер тегіннен тегін жасалмайды да? Алдын ала білейін деп едім кәте төлем жасамау үшін. Рахмет!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.January.2024, 15:38

Саламатсыз ба! Бүгінгі күні, Жер кодексінің 44-1– бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін рәсімдеу барысында жер-кадастрлық жобасы қажет.