Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы
Скрининг бойынша ауырудың адын алуға бағытталған тексерістерге қысқаша шолу
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 25.01.2024, 10:00
- 25.01.2024, 15:00
Қайрат Сымбат 25.01.2024, 10:07, Сұрақ нөмірі: 12696
Талдықорған қаласы тұрғындары үшін қандай скрининг түрлері бар және ересек адамдар қанша жасында скринингтік тексеруден өту қажет?
Жетісу облысы 25.January.2024, 10:21
Талдықорған қаласында ересек адамдарға арналған бірнеше скрининг бағдарламалары бар. Оның ішінде : қанайналым жүйесі аурулары, қант диабеті, глаукоманы анықтау үшін скринингтер 30-70 жас аралығындағы қала тұрғындарына жүргізіледі. Жатыр мойны ісігін анықтау үшін – 30-70 жасар әйел адамдарға скрининг жүргізіледі. Сүт безі ісігін анықтау үшін скрининг – 40-70 жасар әйел адамдар арасында өткізіледі. Колоректальды қатерлі ісікті анықтау үшін скрининг – 50-70 жас аралығындағы қала тұрғындарына өткізіледі.