Мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 25.01.2024, 15:00
- 25.01.2024, 18:00
Махамбетова Салтанат 25.01.2024, 15:29, Сұрақ нөмірі: 12699
Саламатсыз ба! Мемлекеттік қызметтен босатылған соң қайта мемлекеттік қызметке тестілеусіз қанша уақытта орналасуға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.January.2024, 15:31
Жоғарыда көрсетілген сұрағыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймыз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 27-бабы 8-тармағына сәйкес теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға құқылы.