Мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 25.01.2024, 15:00
  • 25.01.2024, 18:00

Құдайберген Айкерім 25.01.2024, 15:45, Сұрақ нөмірі: 12700

  • 0

Сәлеметсіз бе? Аудандық бөлімде жұмыс жасайтын қызметші, орталық атқарушы органға (министрлік) конкурссыз ауысуға мүмкіндік бар ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.January.2024, 15:46

Сәлеметсізбе, сұрағыңызға рақмет. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының талаптарына сәйкес, облыстық басқармадан министрлікке ауысу тәртібімен орналасуға жол берілмейтінін хабарлаймыз. Өз кезегінде, Сіз жалпы конкурсқа қатысу арқылы министрліктегі лауазымға тағайындалу құқығыңыз бар екенін назарыңызға ұсынамыз. Бұл ретте, жалпы конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілерге тестілеуден өтуі талап етілмейді.