«Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы»
« Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы» тақырыбында интернет- конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.02.2024, 15:00
- 06.02.2024, 17:00
Ақбергенов Ерсін 06.02.2024, 16:23, Сұрақ нөмірі: 12708
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметшілердің іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақылары туралы ақпарат білгім келеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.February.2024, 16:25
Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 57-бабына сәйкес, Мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi. Мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік органдардағы келісімшарттық қызметшілерге іссапарда болған уақытына тәулікақы алуға, межелі жерге жету және кері қайту үшін жүріп-тұру шығыстарына, тұрғын үй-жай жалдау шығыстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепілдіктер мен құқық қолданылады. Сонымен қатар, іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілердің іссапардағы барлық уақыт бойында жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) және жалақысы сақталады