«Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы»

« Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы» тақырыбында интернет- конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 06.02.2024, 15:00
  • 06.02.2024, 17:00

Крым Фариза 06.02.2024, 16:34, Сұрақ нөмірі: 12709

  • 0

Саламатсызба? Мен қызмет атқарып отырған мекемеде (білім беру саласы) қызметкерлерді қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектептің басшысына көп балалы ананы қысқартқан жағдайда қандай шара қолдана аласыздар?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.February.2024, 16:45

Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес, Департамент мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бұл ретте, білім беру мекемелеріндегі қызметкерлермен жұмыс берушілердің арасындағы еңбек қатынастары ҚР Еңбек кодексімен реттелетіндігін атап өтеміз. Сіздің көрсетілген мәселелеріңіз бойынша Департамент мекеменің басшысының қандай да болмасын жауапкершілігін қарауға уәкілетті емес. Осыған сәйкес, әрбір мемлекеттік орган заңнамамен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде ғана қызмет атқаратындығын назарыңызға ұсына отырып, білім беру ұйымдарындағы қысқарту мәселесіне қатысты заңнамалық-құқықтық тұрғыда түсіндірме алу үшін еңбек саласындағы уәкілетті органдарға (оның ішінде Мемлекеттік еңбек испекциясы басқармасы) жүгінуді ұсынамыз. Сұрағыңызға алғыс білдіреміз!