«Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы»

« Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы» тақырыбында интернет- конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 06.02.2024, 15:00
  • 06.02.2024, 17:00

Құрақбай Заманбек 06.02.2024, 16:46, Сұрақ нөмірі: 12710

  • 0

Қайырлы күн! Жүктілікке байланысты демалыс кезінде менің жұмысымды бағалауға құқылы ма мемлекеттік орган?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.February.2024, 16:58

Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау мақсатында олардың қызметіне бағалау жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізудің тәртібі мен мерзімдері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесімен айқындалған. Осы әдістеме талаптарына сәйкес, жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілгенге дейін жасаған нақты кезең үшін тоқсан сайын тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін бағалау жүргізілетіндігін атап өтеміз. Осы тұста, Сіздің мәселеңізге қатысты кезеңдерді анықтау және толық әрі нақты жауап ұсыну үшін тиісті құжаттар ұсыну қажеттілігі туындайды. Осыған сәйкес, бұл мәселеге қатысты Департаментке Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, 419 бойынша немесе 8 778 890 27 95 нөмірі бойынша байланысуыңызға болатындығын назарыңызға ұсынамыз. Сұрағыңызға алғыс білдіреміз!