Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 09.02.2024, 10:00
- 09.02.2024, 15:00
Көшен Ару 09.02.2024, 11:53, Сұрақ нөмірі: 12711
Қайырлы күн. Мен ауылдық жерде жұмыс істемін. Алдағы уақытта облыс орталығындағы қалаға іссапарға баратын едім.
Іссапар шығындары бізге уақытылы төленбейді. Яғни іссапардан келген соң ғана төленеді. Сол қаншалықты дұрыс? Заңнамаға сәйкес іссапар шығындары қандай мерзімде төленуі қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.02.2024
Сәлеметсіз бе. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысының бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 6-тармағына сәйкес іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және тәулiкақы беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді. Сондай-ақ, Департаментке өтініш жазу арқылы сұрағыңызды жолдай аласыз.