Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 09.02.2024, 10:00
  • 09.02.2024, 15:00

Қабден Балнұр 09.02.2024, Сұрақ нөмірі: 12712

  • 0

Сәлеметсіз бе. Шартты түрде еңбек демалыста болған уақытта, Заң жүзінде сол аралықта жұмысқа шақыртуға болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.02.2024

Сәлеметсіз бе. ҚР Еңбек кодексінің 95-бабына сәйкес, жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады. Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.