Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 09.02.2024, 10:00
- 09.02.2024, 15:00
Малдыбаева Еркеназ 09.02.2024, Сұрақ нөмірі: 12713
Менің сұрағым бар еді. Мен басқармадағы бір бөлімде бас маман болып жұмыс істеймін. Осы жақын арада басқармадағы екінші бөлімдегі кісі еңбек демалысына кетті.
Уақытша жоқ қызметкердің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде ол үшін қосымша ақы төленеді ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.February.2024, 14:47
Қайырлы күн. ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңнының 38-бабына сәйкес, қызметтік қажеттілікке байланысты мемлекеттік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай, осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі мүмкін. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымдарды уақытша қоса атқарғаны және уақытша болмаған мемлекеттік қызметшінің міндеттерін атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша ақы белгіленеді.