«Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі»
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 5
- 09.02.2024, 15:00
- 09.02.2024, 17:00
Досмағамбетова Анар 09.02.2024, 15:49, Сұрақ нөмірі: 12719
Сәлеметсізбе, маған түсіндірме берунізді сұраймын. Болашақ" халықаралықстипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар жинап жатырмын. Мемлекетік қызмет стандарттында 15 құжат көрсетілген. Алайда, менде бекітілген белгіленгенең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификатының электрондық көшірмесі жок, себебі ағылшын тілін жақсы деңгейде білмеймін. Теқ қана бір құжжат жетпей тұр. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет маған көрсетілеме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.February.2024, 15:59
Қайырлы күн. Сұрағыңызға рақмет. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығымен реттеледі. Қағидамен бекітілген Стандарттың 8-тармағында мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі көрсетілген. Қағиданың 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың осы тармағында көрсетілген мерзім ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.