Атырау облысының «өңірлік кадрлық резервіне іріктеу» және «мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»
Атырау облысының «өңірлік кадрлық резервіне іріктеу» және «мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 12.02.2024, 15:00
- 12.02.2024, 17:00
Лекерова Светлана 12.02.2024, 15:29, Сұрақ нөмірі: 12720
Өңірлік кадрлық резерві туралы естігенмін оған қатысу үшін қандай талаптар бар?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.February.2024, 15:30
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №255 Жарлығымен Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидалары бекітілді. Резервке іріктелу үшін а.ж. 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында өтінім қалдыру арқылы келесі талаптарға сәйкес: 1. 35 жастан аспаған; 2. жоғары білімді; 3. жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алатындығын хабарлаймыз.