Атырау облысының «өңірлік кадрлық резервіне іріктеу» және «мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»
Атырау облысының «өңірлік кадрлық резервіне іріктеу» және «мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 12.02.2024, 15:00
- 12.02.2024, 17:00
Жұмалиев Арсен 12.02.2024, 15:34, Сұрақ нөмірі: 12721
Мемлекеттік қызметке орналасқаныма 2 ай уақыт болды, аудандық деңгейдегі тұрғын үй қатынастары бөлімінде жұмыс істеймін, ендігі кезде облыстық деңгейдегі тұрғын үй қатынастары саласы бойынша қызмет ететін мемлекеттік органға ауысқан жағдайда сынақ мерзімі жалғасады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.February.2024, 15:37
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. ҚР «Мемлкеттік қызмет туралы» заңының 20-бабының 3-1) тармағына сәйкес, сынақ мерзімінен өтіп жатқан азаматты функционалдық міндеттерін өзгертпей басқа лауазымға тағайындаған кезде оның сынақ мерзімі жалғасады. Өзге функционалдық міндеттері бар лауазымға тағайындалған жағдайда жаңа сынақ мерзімі белгіленетіндігі көзделген. Осы ретте, сіздің функционалдық міндеттеріңіз сәйкес келген жағдайда жаңа лауазымға тағайындалған кезден бастап сынақ мерзіміңіз жалғасатындығын назарыңызға ұсынамыз.