Атырау облысының «өңірлік кадрлық резервіне іріктеу» және «мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»

Атырау облысының «өңірлік кадрлық резервіне іріктеу» және «мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 12.02.2024, 15:00
  • 12.02.2024, 17:00

Крым Фариза 12.02.2024, 15:47, Сұрақ нөмірі: 12723

  • 0

Салематсыз ба ? Өңірлік кадрлық резервке қатысқан жағдайда ПМКР секілді вербальный және числовой тестен өту қажет пе ?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.February.2024, 15:50

Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Өңірлік кадрлық резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады: 1. бірінші кезең-құжаттарды қабылдау. 2. екінші кезең - заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу. 3. үшінші кезең – «құзыреттерді бағалау» 4. төртінші кезең – «комиссиядағы құрылымдық сұхбат» 5. бесінші кезең – «комиссияның отырысында» резервке кандидаттарды қабылдау туралы комиссия шешімі қабылданады. Осы ретте, ПМКР-де қолданылған мәтіндік және сандық тестілеуден өту талап етілмейтіндігін назарыңызға ұсынамыз.