«Құрылыс процесіне қойылатын талаптар»
«Құрылыс процесіне қойылатын талаптар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 15.02.2024, 10:00
- 15.02.2024, 17:00
Ислам Байкенже 15.02.2024, 16:32, Сұрақ нөмірі: 12731
Мен кәсіпкермін, дүкен құрылысын салып жатыр едім. Құрылысы аяқталуға жақын қалды. Осы дүкен ғимаратын пайдалануға берудің тәртібін түсіндіріп берсеңіз.
Қызылорда облысы 15.February.2024, 16:46
Қайырлы күн! Салынған объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді. Қабылдау актісі бекітілуге жатады және оны тапсырыс беруші жүргізеді. Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекіткен күн объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкестік туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негізінде тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.