«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы»
«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 21.02.2024, 10:00
- 21.02.2024, 17:00
Досжанов Нургиса 21.02.2024, 13:08, Сұрақ нөмірі: 12742
Ветеринария саласын цифровизациялау мақсатында қандай іс-шаралар атқарылуда?
Қызылорда облысы 21.February.2024, 13:27
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ветеринария саласын реформалаудың маңызы цифровизациялау бойынша АШМ-мен «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқор базасының «e-ISZH Mobile» мобильді қосымшасы жасалды. Және осы мобильді қосымшамен жұмыс жасау үшін арнайы төзімділіктегі планшеттер сатып алынады. Осы бағытта алдағы уақытта 149 планшет сатып алуға 67 млн.теңге қаржы бөлу жоспарлануда. Планшеттермен жұмыс жасау өз кезегінде ветеринар мамандардың жұмысын көп жеңілдетеді және қағазбастылықты жояды, уақытын үнемдейді, қателіктердің алдын алады. ИСЖ дерекқор базасын басқа да веб-порталдармен (егов, е-лицензия, ИАС, е-қызмет т.б.) байланыстыру (интеграция) үшін министрлікпен жетілдіру жұмыстары атқарылуда. Яғни, веб-порталдар арасында интеграция орнаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету толық электрондық форматта жүргізілетін болады. Мемлекеттік қызметті алушылар электронды түрде өтініш беріп, нәтижесін де электронды түрде алатын болады.