«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы»

«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 21.02.2024, 10:00
  • 21.02.2024, 17:00

Кенжетай Жансая 21.02.2024, 16:04, Сұрақ нөмірі: 12743

  • 0

Республиканың бірнеше облыстарында ветеринар мамандар еңбек жалақымыз төмен деп үндеу жариялаған болатын. Сіздерде еңбек жалақыларын көтеру үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Және бұл жалақы аздығынан кадр тапшылығы орын алмайды ма? Осыған байланысты Қызылорда облысында ветеринар мамандар қажеттілігі туындайды ма?

Қызылорда облысы 21.February.2024, 16:18

Облыс бойынша 8 ветеринариялық станция және 139 ветеринариялық пункттерде барлығы 749 маман қызмет атқарса, оның 635-і ветеринар мамандар. Президент тапсырмасына сәйкес ветеринария саласын реформалауда сала мамандарының айлық жалақыларын көтеру жергілікті атқарушы органдарға міндеттелді. Осыған орай, аймақ басшысының қолдауымен 2022 жылы ветеринар мамандардың айлық жалақылары 40 пайызға көтерілді. Сонымен қатар, «Биологиялық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңына сәйкес І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін ветеринар мамандардың лауазымдық жалақыларына жүргізген жұмыстарының зияндылығына (за вредность) қаржы төлену керектігі дәлелденіп, алғаш рет республикалық бюджетен 2023 жылы қаржы бөлініп, ветеринар мамандардың жалақысы 50%-ға көбейді. Өз кезегінде ветеринар мамандардың жалақы аздығынан басқа жұмысқа ауысуы тоқтап кадрлық тұрақтылық сақталды. Облыс бойынша ветеринар мамандардың жалпы санының 60%-ы жастар құрайды. Кадр тапшылығы жоқ.