Мемлекеттік қызметшілер және азаматтардың құқығын қалпына келтіру
Мемлекеттік қызметшілер және азаматтардың құқығын қалпына келтіру
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 22.02.2024, 10:00
- 22.02.2024, 17:00
Жетпісбай Жанар 22.02.2024, 15:55, Сұрақ нөмірі: 12744
Мемлекеттiк қызметшiлердің құқықтарын қорғау қалай іске асырылып жатыр?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.February.2024, 16:05
Құрметті Жетпісбай Жанар! Департаментпен тоқсан сайын мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәжірибиесіне талдау жүргізіліп, оның қорытындысы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік қызметте жұмыс уақыты режимінің сақталуына бақылау жүргізу және анықталған бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 89-бабы бойынша әкімшілік істі қарау өкілеттігі берілді. Өз кезегінде бақылау мемлекеттік органдарға бармай (деректерді есепке алуды бақылау жүйесін зерделеу арқылы) және мемлекеттік органдарға бару арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, өз бұзылған құқығыңызды қалпына келтіру үшін Департаментке келесі мекенжай бойынша жүгіне аласыз: Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 39 (тел.8 (7212) 50-40-75)