Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 23.02.2024, 10:00
  • 23.02.2024, 15:00

Жанпеисова Дана 23.02.2024, 10:59, Сұрақ нөмірі: 12749

  • 0

Сәлеметсіздер ме. Мемлекеттік қызметшілерге қанша күнге еңбек демалысына баруға рұқсат етіледі? Мен биылғы жылдың еңбек демалысына шығайын деп едім, алайда мен 10 күнге ғана өтініш жазсам ба деп ойлап отырмын.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.February.2024, 11:24

Қайырлы күн. «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 54-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстары оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.