«Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері туралы»

«Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 4
  • 26.02.2024, 15:00
  • 26.02.2024, 17:00

Ғилым Асқар 26.02.2024, 16:08, Сұрақ нөмірі: 12753

  • 0

Құрметті директор, менде 10 жылдан бері аншының куәлігі бар. Осы жақында қаз, үйрек және қашалдақтарды аулау маусымы басталады. А мен как раз бұл құстарды аулауымен айналасамын. Алайда, менің аншы куәлігімнің мерзімі өтіп кетті. Мен аншының куәлігін ауыстырып, жаңасын алғым келеді, ауыстыру кезінде қанша уақыт күтуім керек?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.February.2024, 16:15

Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет! «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады, көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген Қағидасы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – Қағида). Қағиданың 6-тармағына сәйкес аңшы куәлігін ауыстыратын болса көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және аңшы куәлігін не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.