Өңірлік кадр резервіне іріктеу мәселелері
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар өңірлік кадр резервіне іріктеу мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 27.02.2024, 09:00
- 27.02.2024, 18:30
Сагалбеков Уалихан 27.02.2024, 09:10, Сұрақ нөмірі: 12755
Қандай құжаттар тапсыру керек
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.February.2024, 09:15
Ақмола облысының өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниетті үміткерлер 2024 жылдың 1-31 наурызы аралығында https://onir.pkrezerv.gov.kz/ порталында тіркелуі қажет. Тіркелу барысында үміткерлер келесі құжаттарды жүктейді: 1) жеке куәлігінің не паспортының көшірмесі; 2) өтініш; 3) бiлiмi туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшiрмелерi (шетелдік білім беру ұйымдарында алынған құжаттардың көшірмелеріне ҚР заңнамасында айқындалатын тәртіппен осы құжаттарды тану туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі); 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған қызметтік тізім; 6) түрлі-түсті фотосурет.